Джадену™ (180 мг)

МНН: Деферазирокс
Производитель: С.С.Сандоз С.Р.Л.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Deferasirox
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023290
Информация о регистрации в РК: 04.07.2022 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Джаденутм

Халықаралық патенттелмеген атауы

Деферазирокс

Дәрілік түрі, дозасы

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 180 мг және 360 мг

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да препараттар. Барлық басқа емдік өнімдер. Темірді байланыстыратын препараттар. Деферазирокс.

АТХ коды V03AС03

Қолданылуы

- бета-талассемиясы ауқымды пациенттерде қан трансфузиясы нәтижесінде темірмен созылмалы қатты қанығуды емдеу

- пациенттердің келесі топтарында дефероксаминмен ем қарсы көрсетілімді немесе талапқа сай емес болатын қан трансфузиясы нәтижесінде темірмен созылмалы қатты қанығуды емдеу:

  • жиі емес қан трансфузиясы салдарынан темірмен қатты қанығуы болатын ауқымды бета-талассемиясы бар ересек пациенттерде (<7 мл/кг/айына эритроцитарлық масса)

  • басқа анемиялары бар ересек пациенттерде

- трансфузияға тәуелді емес талассемиялық синдромдары бар пациенттерде дефероксаминмен ем қарсы көрсетілімді немесе талапқа сай емес болатын хелатты емді талап ететін темірмен созылмалы қатты қанығуды емдеу

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың белсенді затына немесе кез келген қосымша затына жоғары сезімталдық

  • басқа темір-хелатты емдермен біріктіру, өйткені ондай біріктірілімдердің қауіпсіздігі анықталмаған

  • креатинин клиренсі < 60 мл/мин пациенттер

  • балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Темірмен шамадан тыс жүктеме деңгейі төмен пациенттерде Джаденутм препаратының адекватты емес жоғары дозасын қолданғанда немесе қан сарысуындағы ферритин концентрациясы шамалы жоғарылағанда препараттың уытты әсері артуы мүмкін. Ем тиімділігін бағалау үшін қан сарысуында ферритин концентрациясын ай сайын бағалау ұсынылады. Қан сарысуында ферритин концентрациясының 500 мкг/л-ден аз (гемотрансфузиялар себебінен болатын темірмен шамадан тыс жүктемеде) немесе 300 мкг/л-ден аз (талассемияда) тұрақты төмендеуінде препаратпен емді тоқтату керек.

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Препаратты қолданғанда асқазан-ішектен қан кету, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы зақымдануы сияқты ас қорыту жолы тарапынан күрделі асқынулар дамуы мүмкін. Асқазан-ішек жолы ағзаларынан өліммен аяқталатын қан кетудің сирек жағдайлары, әсіресе, ауыр гематологиялық онкологиялық аурулары бар және/немесе тромбоциттер саны төмен пациенттерде білінген.

Кейбір пациенттерде асқазан-ішек жолы ағзаларының көп түрлі ойық жаралы зақымдануы білінген.

Дәрігер мен пациент асқазан немесе он екі елі ішектің ойық жаралы зақымдану симптомдарына, сондай-ақ асқазан-ішек жолынан (АІЖ) қан кету белгілеріне қатысты ерекше сақтану шарасын қадағалау керек. Асқазан-ішек жолынан қан кетудің дамуынан күдіктенгенде тиісті диагностикалық және емдік шараларды өткізу керек. Асқазан-ішек жолы ағзаларының тесілумен болатын (соның ішінде өліммен аяқталатын) ойық жаралы зақымдану жағдайлары жөнінде де хабарламалар алынған.

Сондай-ақ өліммен аяқталған асқазан-ішек жолынан қан кетулері туралы, әсіресе гематологиялық онкологиялық аурулары бар және/немесе тромбоциттер саны төмен егде пациенттерде хабарланған. Дәрігерлер мен пациенттер егер асқазан-ішек жолы тарапынан күрделі жағымсыз құбылыстар болжанса Джаденутм препаратымен емдеу кезінде асқазан-ішек жолының ойық жаралануы және қан кетулерінің белгілері мен симптомдарына қатысты сақтық жасауы және қосымша емдеу мен бағалауды жылдам бастамалауы тиіс. Джаденутм препараты ҚҚСП (қабынуға қарсы стероидты емес препараттар) сияқты, кортикостероидтар және оральді бисфосфонаттар, антикоагулянттар, белгілі ульцерогенді препараттар болып табылатын заттармен үйлесімде қолданылатын пациенттерде және тромбоциттер құрамы 50 000/мм3 (50 х 109/л) аз пациенттерде сақ болу керек.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Деферазирокспен емдеу қан сарысуындағы креатинин концентрациясы жас шамасы шекараларының шегінде болатын пациенттерде ғана жүргізілді.

Деферазирокспен ем қабылдаған пациенттерде, әдетте, қалып шекараларының шегінен аспайтын қан сарысуындағы креатинин концентрациясының елеусіз үдеусіз жоғарылауы білінді. Дозаны азайтуға немесе препарат қабылдауды тоқтатуға қарамастан пациенттердің үштен бір шамасында креатинин концентрациясы жоғары күйде қалды. Тіркеуден кейінгі кезеңде деферазирокс қолданылғанда жедел бүйрек жеткіліксіздігінің даму жағдайлары білінген. Ересек пациенттерде, егер бірізді екі зерттеуде қан сарысуындағы креатинин концентрациясы, емдеуге дейінгі орташа көрсеткіштермен салыстырғанда, 33%-дан аса жоғарыласа немесе препарат қолданудан басқа өзгеше себептер болмағанда есептік КК қалыптың төменгі шекарасынан аз көрсеткіштерге (90 мл/мин аз) жетсе, Джаденутм препаратының дозасын 7 мг/кг азайту керек. Егер, емдеуге дейінгі орташа көрсеткіштермен салыстырғанда, қан сарысуында креатинин концентрациясы 33%-дан көп жоғарыласа және/немесе қан сарысуындағы есепті КК қалыптың төменгі шекарасынан аз көрсеткіштерге жетсе, Джаденутм препаратымен емді тоқтату керек. Препаратпен емдеуді жаңғырту шешімі клиникалық жағдайға қарай әркімде жеке қабылданады.

Бүйрек функциясының бұзылулары бар немесе бүйрек функциясына теріс әсер ететін препараттарды қабылдайтын пациенттерде Джаденутм препаратын қолдану кезінде асқынулардың жоғары даму қаупін ескеріп, емнің алғашқы айында апта сайын, ал артынан ай сайын КК және/немесе қан сарысуында креатинин концентрациясын анықтау ұсынылады. Емдеуді бастар алдында қан сарысуында креатинин концентрациясын екі рет анықтау ұсынылады. Әрі қарай қан плазмасында креатинин концентрациясын, КК (ересектерде Кокрофт-Голт формуласы немесе MDRD формуласы бойынша есептеледі) және/немесе қан плазмасында цистатин C концентрациясын ем басталған соң апта сайын, ал артынан ай сайын анықтау немесе Джаденутм препаратының дозасын өзгерту ұсынылады. Джаденутм препаратын қолданғанда ай сайын протеинурия деңгейін бақылап отыру керек. Кейбір жағдайларда бүйректің өзекшелік функциясын да (қант диабеті жоқ пациенттердегі глюкозурия, калий, фосфаттар, магний немесе несеп қышқылы тұздарының төмен мөлшері, сондай-ақ фосфатурия, аминоацидурия) жүйелі бақылап отыру керек. Бүйректің өзекшелік функциясының аталған көрсеткіштерінің қалыпты мәндерден ауытқуы анықталғанда дозаны азайту немесе Джаденутм препаратын уақытша тоқтату керек.

Джаденутм препаратымен ем аясында диарея және/немесе құсу дамығанда пациенттердің талапқа сай гидратациялануын қамтамасыз ету керек.

Тіркеуден кейінгі қолданылуында деферазирокспен ем кезінде туындайтын метаболизмдік ацидоз жағдайлары туралы мәлімдеулер болған. Бұл пациенттердің көпшілігінде белгілі асқынуы қышқылдық-негізгі тепе-теңдік бұзылуы болып табылатын патологиялық жай-күйлер, бүйрек функциясының бұзылуы, ренальді тубулопатия (Фанкони синдромы) немесе диарея орын алған. Бұл популяциялар үшін клиникалық көрсетілімге сәйкес қышқылдық-негізгі теңгерімді қадағалау керек. Метаболизмдік ацидоз туындаған кейбір пациенттерде Джаденутм препаратымен емді тоқтатуды қарастыру керек.

Джаденутм препаратын қабылдайтын пациенттерде, бүйрек тубулопатиясы ауыр түрлерінің (Фанкони синдромы сияқты) постмаркетинг жағдайлары және гипераммониемиялық энцефалопатия контексіндегі сана өзгерістерімен байланысты бүйрек жеткіліксіздігі байқалған. Гипераммониемиялық энцефалопатия мен Джаденутм препаратымен емдегенде психикалық статустың түсініксіз өзгерістері дамитын пациенттерде өлшенетін аммиак деңгейін ескеру ұсынылады.

3 кесте. Бүйрек функциясының мониторингінде доза түзету және емді тоқтату

Сарысудағы креатинин деңгейі

Креатинин клиренсі

Ем бастар алдында

Екі рет (2)

және

Бір рет (1)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

< 60 мл/мин

Мониторинг

- Ем басталғаннан кейін немесе доза модификациясынан кейін бірінші ай

- Одан кейін

Аптасына бір рет

Айына бір рет

және

және

Аптасына бір рет

Айына бір рет

Тәуліктік дозасының 7 мг/кг/күн азаюы (үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар түрінде), егер бүйрек функциясының келесі көрсеткіштері екі визит қатарынан бақыланады және басқа себептермен түсінідірілмейді

Ересек пациенттер

> орташа көрсеткіші емге дейін 33 %

жоғарылайды

және

Төмендейді < ҚТШ * (< 90 мл/мин)

Доза төмендетуден кейін, емді тоқтату, егер

Ересек пациенттер

Емге дейін орташа көрсеткіштен жоғары > 33 % сақталса

және /немесе

Төмендейді < ҚТШ * (< 90 мл/мин)

*ҚТШ: қалыптың төменгі шегі

**ҚЖШ: қалыптың жоғарғы шегі

Жеке клиникалық жағдайларға қарай ем қайта басталуы мүмкін.

Сондай-ақ дозаны төмендету немесе емді тоқтату қарастырылуы мүмкін, егер өзекшелер функциясы маркерлерінің деңгейінде ауытқу болғанда және/немесе клиникалық көрсетілімдер бойынша:

Протеинурия (зерттеу ем бастар алдында және соңынан айына бір рет жүргізілуі тиіс)

Гликозурия диабетпен ауырмайтын, және калий, фосфат, магнийдің немесе сарысудағы ураттардың төмен деңгейі, фосфатурия, аминоацидуриясы бар адамдарда (қажет болғанда қадағаланады).

Джаденутм препаратын алған бета-талассемиямен ренальді тубулопатия туралы мәлімделген.

Егер, доза төмендетуге және емді тоқтатуға қарамастан келесі құбылыстар туындаса пациенттерді неврологқа бағыттау керек және қосымша мамандандырылған диагностикалық зерттеулер (бүйрек биопсиясы сияқты) қарастырылуы мүмкін:

сарысудағы креатинин деңгейі елеулі жоғары болып қалады және

бүйрек функциясының басқа маркерлерінің тұрақты ауытқулары (мысалы протеинурия, Фанкони синдромы).

Бауыр функциясының бұзылуы

Деферазирокс препаратын алған пациенттерде бауырдың функционалдық сынамаларының жоғарылауы байқалған. Нарыққа шыққанан кейін бүйрек жеткіліксіздігі жағдайлары болғаны байқалған, олардың кейбіреуі өліммен аяқталған. Джаденутм препаратын қабылдаған гипераммонемиялық энцефалопатия контексіндегі сана өзгерістерімен байланысты ауыр түрлері туындауы мүмкін. Гипераммонемиялық энцефалопатия мен Джаденутм препаратымен емдегенде психикалық статустың түсініксіз өзгерістері дамитын пациенттерде өлшенетін аммиак деңгейін ескеру ұсынылады. Сусыздану проблемалары (диарея немесе құсу сияқты) бар пациенттерде, аурудың жедел фазасында талапқа сай гидратацияны демеу кезінде сақ болған жөн. Бауыр функциясының бұзылуы туралы көптеген мәлімдемелер болған бауыр циррозын қоса, елеулі аурулары бар пациенттерге қатысты болған. Дегенмен ықпал ететін немесе түрткі болатын фактор ретінде деферазирокс препаратының рөлін жоққа шығаруға болмайды.

Емді бастағанға дейін, ем бастағанға дейін бір ай бойы әрбір 2 апта сайын және одан кейін ай сайын сарысу трансаминазалары, билирубин және сілтілі фосфатаза деңгейін бақылып отыру ұсынылады. Егер басқа себептермен байланысты болуы мүмкін емес трансаминазалар деңгейінің тұрақты және үдемелі жоғарылауы байқалса, Джаденутм препаратымен емдеу тоқтатылуы тиіс. Функционалдық бауыр сынамаларының ауытқу себептері анықталғаннан немесе деңгейлер қалпына келгеннен соң кейіннен дозаны біртіндеп жоғарлата отырып, төмендеу дозада емді абайлап қайта жаңғыртуды қарастыруға болады.

Бауыр функциясының ауыр дәрежедегі бұзылуы (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша С класы) бар пациенттерде Джаденутм препаратын қолдану ұсынылмайды.

4 кесте. Қауіпсіздік мониторингі бойынша қысқаша ұсыныстар

Зерттеулер

Жиілігі

Сарысудағы креатинин деңгейі

Ем бастар алдындағы екі қайталауда.

Емнің бірінші айында аптасына бір рет және доза модификациясынан кейінгі алғашқы ай.

Соңынан айына бір рет.

Креатинин клиренсі және/немесе плазмадағы цистатин C деңгейі

Ем бастар алдында.

Емнің бірінші айында аптасына бір рет және доза модификациясынан кейінгі алғашқы ай.

Соңынан айына бір рет.

Протеинурия

Ем бастар алдында.

Соңынан айына бір рет.

Бүйрек өзекшелерінің функциясының басқа маркерлері (диабетпен ауырмайтын адамдардағы гликозурия, және калий, фосфат, магнийдің төмен деңгейі немесе сарысудағы ураттар, фосфатурия, аминоацидурия деңгейі сияқты)

Қажет болуына қарай.

Билирубин трансамині, сілтілік фосфатаза деңгейі

Ем бастар алдында.

Емнің бірінші айында 2 аптада бір рет.

Соңынан айына бір рет.

Есту және көру мүшелерін зерттеу

Ем бастар алдында.

Соңынан жылына бір рет.

Дене салмағы, бойы және жыныстық дамуы

Ем бастар алдында.

Соңынан жылына бір рет.

Өмірінің ұзақтығы аз болжанатын, әсіресе қатарлас аурулар жағымсыз құбылыстар қаупін арттыруы мүмкін пациенттерде (мысалы, жоғары қаупі бар миелодиспластикалық синдромы), Джаденутм препаратының пайдасы шектеулі болуы және қаупі пайдасынан астам болуы мүмкін. Сондықтан бұндай пациенттерде Джаденутм препаратын қолдану ұсынылмайды.

Егде пациенттерде жағымсыз реакциялардың (атап айтқанда, диарея) жоғары жиілігіне байланысты сақ болу керек.

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Деферазирокске аса жоғары сезімталдық реакцияларының (анафилаксиялық реакцияларды және ангионевроздық ісінуді қоса) дамуы туралы хабарламалар алынған. Көпшілік жағдайларда аса жоғары сезімталдық реакциялары препаратпен емдеудің алғашқы айларында байқалды. Аса жоғары сезімталдық реакциялары ауыр дәрежеде дамығанда препаратпен емдеуді тоқтатып, тиісті емдеу шараларын жүргізген жөн.

Тері тарапынан бұзылулар

Джаденутм препаратымен емдегенде тері бөртпелері туындауы мүмкін. Бөртпе көп жағдайларда өздігінен жойылған. Егер емді үзе тұру талап етілсе, препараттың төменірек дозаларын қолданумен немесе дозасын біртіндеп аттырумен бөртпе жазылуынан кейін ем қайта жаңғыртылуы мүмкін. Ауыр жағдайларда қысқа мерзім ішінде ішілетін стероидтарды біріктірілімде қолданумен ем жаңғыртылуы мүмкін.

Стивенс-Джонсон (СДС) синдромын, уытты эпидермальді некролиз (УЭН) және эозинофилиясымен дәрілік реакцияларын және жүйелік симптомдарын (DRESS) қоса, өмірге қауіп төндіретін сипаттағы немесе тіпті өлімге әкелуі мүмкін ауыр тері реакциялары дамығаны туралы хабарланды. Терінің ауыр реакциялары болуына күдік туындағанда Джаденутм препаратын емді жаңғыртусыз дереу тоқтату керек. Емді тағайындау сәтінде терінің ауыр реакцияларының белгілері мен симптомдары туралы пациентке хабарлау және жауабын мұқият бақылау керек.

Көру және есту қабілетінің бұзылулары

Деферазирокспен емдеу аясында есту және көру қабілетінің бұзылуы (көз бұршағының бұлыңғырлануы) анда-санда білінгендіктен, Джаденутм препаратымен емдеуді бастар алдында және 12 ай сайын жүйелі аралықтармен әрі қарай емделу барысында есту жітілігін айқындау және офтальмологиялық тексеруден өту (көз түбін зерттеуді қоса) ұсынылады. Есту және көру қабілетінің бұзылуы дамыған жағдайда дозаны азайту немесе препаратпен емдеуді тоқтату мәселесін қарастыру керек.

Гематологиялық бұзылулар

Препаратты қолданғанда гематологиялық көрсеткіштерді жүйелі анықтап отыру керек. Джаденутм препаратын қолдану аясында цитопения дамыған жағдайда препаратпен емдеуді уақытша тоқтату керек. Гематологиялық көрсеткіштер қалыпқа түскен соң Джаденутм препаратымен емді жаңғыртуға болады.

Басқа факторлар

Пациенттің емге жауабын бағалау және артық хелатирлеуді болдырмау үшін қан сарысуы ферритиніне ай сайынғы мониторинг ұсынылады. Жоғары дозалармен емдеу кезеңінде және қан сарысуындағы ферритин деңгейі мақсатты диапазонға жақын болғанда дозаны төмендету немесе бүйрек пен бауыр функциясының, сондай-ақ қан сарысуы ферритині деңгейінің неғұрлым мұқият мониторингі ұсынылады. Қан сарысуының ферритин деңгейі 500 мкг/л төмен (темірмен трансфузиялық артық жүктемесі кезінде) немесе 300 мкг/л төмен (трансфузияға тәуелді емес талассемия синдромдары кезінде) тұрақты төмендеген кезде емді тоқтату туралы мәселені қараған жөн.

Қан сарысуы креатининін, қан сарысуы ферритинін және қан сарысуы трансаминазаларын талдау нәтижелері тенденцияларды талдау үшін жазылуы және жүйелі бағалануы тиіс.

Ауыр темір жүктемесі жүрек дисфункциясына әкелуі мүмкін. Ауыр темір жүктемесі себебімен Джаденутм препаратымен ұзақ уақыт ем қабылдайтын пациенттерде жүрек функциясын жүйелі бағалау керек.

Джаденутм препаратын темір иондарымен кешендер түзетін басқа дәрілік заттармен біріктіріп қолдануға болмайды, өйткені осындай біріктірілген емді қолдану қауіпсіздігі анықталмаған.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Деферазирокс жүйелі экспозициясын төмендетуге қабілетті дәрілік заттар

Ұсақталатын таблеткалар түріндегі деферазироксты 30 мг/кг дозада уридиндифосфатглюкуронилтрансферазаның (УГТ) белсенді индукторларымен, рифампицинмен (күніне 600 мг дейін қайталап қабылдау) бір рет қолданғанда соңғысының жүйелі биожетімділігінің 44% төмендеуі білінді. Осыған орай, УГТ қуатты индукторларымен (мысалы, рифампицин, фенитоин, фенобарбитал, ритонавир) қатарлас емдеу Джаденутм препараты тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Осылайша, емге берілетін клиникалық жауапты негізге алып, УГТ белсенді индукторларымен оны бір мезгілде қолданғанда Джаденутм препаратының дозасын арттыруды қарастыру қажет.

Тағаммен өзара әрекеттесуі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар түріндегі деферазирокс Cmax май мөлшері жоғары тағаммен қолданғанда елеулі (29%) артады. Джаденутм препаратын аш қарынға да, жеңіл тамақпен де қолдануға болады.

Мидазоламмен және CYP3А4 изоферментінің қатысуымен метаболизденетін басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Ұсақталатын таблеткалар түріндегі деферазироксты CYP3А4 изоферментінің субстраты – мидазоламмен бір мезгілде қолданғанда соңғысының жүйелі биожетімділігінің 17% төмендеуі білінген. Темір созылмалы шамадан тыс жүктеуімен пациенттерде CYP3А4 изоферментінің субстраттары болып табылатын дәрілік заттардың жүйелі биожетімділігінің төмендеуі айқындау болуы мүмкін, Джаденутм препаратын CYP3А4 қатысуымен метаболизденетін препараттармен (мысалы, циклоспорин, симвастатин, гормональді контрацептивтер, бепридил, эрготаминмен) бірге абайлап қолдану керек.

Деферазироксты CYP3А4 изоферментінің қатысуымен метаболизденетін гормональді контрацептивтермен бір мезгілде қолданғанда соңғыларының тиімділігі төмендеуі мүмкін.

Репаглинидпен және CYP2C8 изоферментінің қатысуымен метаболизденетін басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Деферазироксты (күніне 30 мг/кг дозада ұсақталатын таблеткалар түрінде қайталап қабылдау) CYP2C8 изоферментінің субстраты - репаглинидпен (0,5 мг бір рет қабылдау) бір мезгілде қолданғанда соңғысының AUC және Сmax, тиісінше, 131% және 62% артуы білінді. Деферазирокстың 0,5 мг дозадағы репаглитинидпен өзара әрекеттесуі зерттелмегендіктен, Джаденутм препаратын репаглитинидпен бір мезгілде қолдануды жоққа шығару қажет. Деферазирокс және CYP2C8 изоферментінің басқа субстраты – паклитаксел арасындағы өзара әрекеттесуді жоққа шығаруға болмайды. Холестирамин деферазирокс биожетімділігін едәуір төмендетеді (бауыр-ішектік кері айналымның азаюынан болуы ықтимал).

Теофиллинмен және CYP1A2 изоферментінің қатысуымен метаболизденетін басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Деферазироксты (күніне 30 мг/кг дозада ұсақталатын таблеткалар түрінде қайталап қабылдау) CYP1А2 изоферментінің субстраты - теофиллинмен (бір рет 120 мг қабылдау) бір мезгілде қолданғанда соңғысының AUC 84% артуы білінген. Теофилин Сmax бір рет қолданғанда өзгермеген, алайда, осы көрсеткіш ұзақ уақыт қолданғанда артуы мүмкін. Джаденутм препаратын теофиллинмен бір мезгілде қолдану дұрыс емес, алайда, егер осы препараттар бір мезгілде қолданылса, Джаденутм препаратымен бір мезгілдегі емінде дозаны азайту мүмкіндігімен қанда теофиллин концентрациясын мұқият бақылау қажет. Деферазирокстың CYP1А2 изоферментінің басқа субстраттарымен өзара әрекеттесу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.

Басқа өзара әрекеттесулер

Деферазирокстың дигоксинмен өзара әрекеттесуі байқалмаған.

Деферазирокс пен аскорбин қышқылын бір мезгілде қолдануға қатысты арнайы зерттеулер жүргізілмеген. Деферазирокспен бір мезгілде тәулігіне 200 мг дозада аскорбин қышқылын қолдану қолайсыз зардаптармен қатар жүрмеген.

Деферазирокс препаратын және бусульфанды бірге қолдану бусульфанның әсер етуі (AUC) ұлғаюына әкеледі, бірақ әсер ету механизмі айқын болмай қалады. Мүмкіндігінше, дозаны реттеуді (түзетуді) жолға қою үшін бусульфан тест дозасының фармакокинетикасын (AUC, клиренс) бағалау қажет.

Ұсынылмайтын біріктірілімдер

Джаденутм препаратын құрамында алюминий бар антацидті препараттармен бір мезгілде қолдану бойынша арнайы зерттеулер жүргізілмеген. Деферазирокстың, темірге қарағанда, алюминиймен тектестігі төменірек болса да, Джаденутм препаратын құрамында алюминий бар антацидті препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Деферазироксты антикоагулянттармен және ульцерогенді әсері бар дәрілік заттармен (қабынуға қарсы стероидты емес препараттар, глюкокортикостероидтар, ішке қабылдауға арналған бисфосфонаттар) бір мезгілде қолданғанда АІЖ тарапынан күрделі ЖҚ (қан кету, ойық жаралы зақымданулары) даму қаупі жоғарылауы мүмкін екендіктен, жоғарыда аталған препараттарды қабылдайтын пациенттерде Джаденутм препаратын сақтықпен қолдану қажет.

Джаденутм препаратын басқа темір хелаторларымен қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген, осыған орай, Джаденутм препаратын басқа темір хелаторларымен қолдануға болмайды.

Арнайы ескертулер

Фертильділік

Адамдардағы фертильділік туралы деректер жоқ.

Контрацепция

Джаденутм гормональді контрацептивтер тиімділігін төмендетуі мүмкін. Бала туу жасындағы әйелдерге Джаденутм препаратын қабылдау кезінде қосымша немесе баламалы гормональді емес контрацепция әдістерін қолдануға кеңес беріледі.

Жүктілік

Деферазирокстың жүктілік ағымына әсері бойынша клиникалық деректер жоқ. Адам үшін потенциалды қаупі белгісіз. Жүктілік кезінде, егер тек осы үшін өмірлік маңызды көрсетілімдер болмаса, Джаденутм препаратын сақтану шарасы ретінде қолдану ұсынылмайды.

Лактация

Деферазирокстың адамның ана сүтіне бөлінуі белгісіз. Джаденутм препаратын қабылдау кезінде бала емізуге кеңес берілмейді.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Джаденутм препаратының көлік құралдарын және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуіне зерттеу жүргізілмеген. Бас айналу сияқты жиі емес жағымсыз құбылыс білінгенде пациенттер аталған қызмет түрлерін орындағанда сақтық шарасын қадағалау керек.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Джаденутм препаратымен емдеуді темірмен созылмалы қатты қанығуды емдеу тәжірибесі бар дәрігердің қадағалауымен бастап, жүргізген жөн.

Қан трансфузиясы салдарынан темірмен қатты қанығу

Дозалануы

Емдеуді 20 бірлікке жуық (100 мл/кг жуық) эритроцитарлық масса трансфузиясынан кейін немесе темірмен созылмалы жүктемеленудің бар екенін айғақтайтын клиникалық бақылау деректері болғанда (мысалы, қан сарысуындағы ферритиннің 1000 мкг/л жуық концентрациясында) бастау ұсынылады. Дозалар (мг/кг) бүтін таблеткаларға жақын дозаға дейін есептеліп, дөңгелектенуі тиіс.

Темір-хелатты емнің мақсаты трансфузия кезінде енгізілген темірді шығару және, қажет болса, бұрыннан бар темір концентрациясын төмендету болып табылады.

Темір-хелатты емде пациенттерде шамадан тыс хелаттану қаупін азайту үшін сақ болу керек.

Эксиджад® препаратымен емді Джаденутм препаратымен емдеуге ауыстырғанда дозаны 30% азайтып, үлбірлі қабықпен қапталған бүтін таблетка дозасына барынша жақын дөңгелектеу қажет.

Екі дәрілік түрдің дозаларының сәйкестігі 1 кестеде берілген.

1 кесте. Темірмен трансфузиялық жүктемелену кезінде ұсынылатын дозалар

Джаденутм, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Эксиджад®, ұсақталатын таблеткалар

Қан құюлар

Сарысуда ферритин деңгейі

Бастапқы доза

14 мг/кг/күн

20 мг/кг/күн

20 бірліктен соң (шамамен 100 мл/кг) ЭМ

немесе > 1000 мкг/л

Баламалы бастапқы доза

21 мг/кг/күн

30 мг/кг/күн

> 14 мл/кг/ай ЭМ (шамамен > 4 бірлік/ай ересектер үшін)

7 мг/кг/күн

10 мг/кг/күн

< 7 мл/кг/ай ЭМ (шамамен < 2 бірлік/ай ересектер үшін)

Дефероксамин-мен емделу кезінде талапқа сай бақыланатын пациенттер үшін

Дефероксамин дозасының үштен бір бөлігі

Дефероксамин дозасының жартысы

Мониторинг

Ай сайын

Мақсатты диапазон

500-1000 мкг/л

Түзету сатылары

Жоғарылауы

> 2500 мкг/л

(әр 3-6 ай)

3,5-7 мг/кг/күн

28 мг/кг/күнге дейін

5-10 мг/кг/күн

40 мг/кг/күнге дейін

Азаюы

< 2500 мкг/л

3,5-7 мг/кг/күн

Дозаны > 21 мг/кг/күн алған пациенттерде

5-10 мг/кг/күн

Дозаны > 30 мг/кг/күн

алған пациенттерде

- Мақсатты деңгейге жеткенде

500-1000 мкг/л

Ең жоғары доза

28 мг/кг/күн

40 мг/кг/күн

Емдеуді тоқтатуды қарастыру

< 500 мкг/л

Бастапқы доза

Джаденутм препаратының бастапқы ұсынылатын тәуліктік дозасы дене салмағына 14 мг/кг құрайды.

Организмде темір мөлшерін азайту мақсатында айына 14 мл/кг астам көлемде эритроцитарлық масса (ересектер үшін шамамен айына 4 қан бірлігінен астам) трансфузиясын алатын пациенттерге бастапқы тәуліктік 21 мг/кг дозасын қолдануға болады.

Организмде темірдің қалыпты мөлшерін сақтау мақсатында айына 7 мл/кг аз эритроцитарлық масса (ересектер үшін шамамен айына 2 қан бірлігінен аз) алатын пациенттерге бастапқы тәуліктік 7 мг/кг дозасын қолдануды қарастыруға болады. Пациент жауабын қадағалап, егер жеткілікті тиімділігіне жетпесе, дозаны арттыруды қарастыру керек.

Дефероксаминмен емдеу аясында жақсы клиникалық әсер алған пациенттер үшін Джаденутм препаратының бастапқы дозасы дефероксаминнің бұрын қолданылған дозасының үштен бір бөлігін құрауы тиіс (мысалы, аптасына 5 күн бойы дефероксаминнің тәулігіне 40 мг/кг немесе баламалы мөлшерін алған пациентте Джаденутм препаратымен емді тәулігіне 14 мг/кг-ден бастауға болады). Бұл тәуліктік дозаның дене салмағына 14 мг/кг-ден аз құрауына әкелгенде пациенттің емдеуге жауабын қадағалап, тиімділігі жеткіліксіз жағдайда дозаны арттыруды қарастыру керек.

Дозаны таңдау

Қан сарысуында ферритин концентрациясын ай сайын қадағалау және, қажет болса, Джаденутм препаратының дозасын қан сарысуындағы ферритин концентрациясының өзгерісіне қарай әр 3-6 ай сайын түзетіп отыру ұсынылады. Емге әркімнің жеке жауабына сәйкес және жүргізілетін емнің мақсатына қарай (темір мөлшерін сақтап тұру немесе азайту) дозаны түзетуді дене салмағына 3,5-7 мг/кг қадаммен сатылы жүргізген жөн.

Дене салмағына 21 мг/кг дозадағы препаратпен емдеу тиімсіз болса (сарысудағы ферритин концентрациясы ≥ 2500 мкг/л деңгейінде сақталады), дозаны дене салмағына 28 мг/кг дейін арттыру керек. Препаратты аса жоғары дозаларда қолдану тәжірибесі шектеулі екендіктен, 28 мг/кг дозадан артық қолдану ұсынылмайды.

Қан сарысуында ферритиннің мақсатты концентрациясына жеткенде (әдетте 500 мкг/л-ден 1000 мкг/л дейін) қан сарысуында ферритин концентрациясын осы мақсатты диапазонда сақтап тұру мақсатында препарат дозасын біртіндеп (3,5-7 мг/кг «қадаммен») азайтуды қарастыру керек.

Егер қан сарысуындағы ферритин концентрациясы 500 мкг/л-ден едәуір төмен болса, Джаденутм препаратымен емдеу мәселесін қарастыру керек.

Темірмен жүктемелену дәрежесі мардымсыз немесе қан сарысуындағы ферритин концентрациясы сәл жоғары пациенттерде, темірдің басқа да хелаторлары сияқты, Джаденутм препаратының уытты әсері препараттың негізсіз жоғары дозасын қолданғанда артуы мүмкін.

Талассемиясы бар пациенттерде темірмен трансфузиядан тыс созылмалы жүктемелену

Осы санаттағы пациенттерде темірмен жүктемелену дәлелденгенде ғана (СТЖ ≥ 5 мг Feбауырдың құрғақ заты немесе қан сарысуындағы ферритиннің > 800 мкг/л концентрациясында) Джаденутм препаратымен хелатты ем жүргізуге болады. Егер СТЖ анықталмаса, шамадан тыс хелаттану қаупін барынша азайту үшін хелаторлық емді абайлап жүргізу қажет.

Эксиджад® препаратымен емді Джаденутм препаратымен емдеуге ауыстырғанда дозаны 30% азайтып, үлбірлі қабықпен қапталған бүтін таблетка дозасына барынша жақын дөңгелектеу қажет.

Екі шығарылу түріндегі дозалар сәйкестігі 2 кестеде берілген.

2 кесте. Трансфузияға тәуелді емес талассемиялық синдромдарды емдеуге ұсынылатын дозалар

Үлбірлі қабықпен қапталған таблетка-лар

Ұсақталатын таблеткалар

Бауырдағы темір концентрация-сы (LIC)*

Сарысуда ферритин деңгейі

Бастапқы

доза

7 мг/кг/күн

10 мг/кг/күн

≥ 5 мкг Fe/г св

немесе > 800 мкг/л

Мониторинг

Ай сайын

Түзету сатылары

(әр 3-6 ай сайын)

Артуы

≥ 7 мг Fe/г св

немесе > 2 000 мкг/л

3,5-7 мг/кг/күн

5-10 мг/кг/күн

Азаюы

< 7 мг Fe/г св

немесе ≤ 2000 мкг/л

3,5-7 мг/кг/күн

5-10 мг/кг/күн

Ең жоғары доза

14 мг/кг/ күн

20 мг/кг/күн

10 мг/кг/күн

Ересектер үшін

бағаланбаған

және ≤ 2000 мкг/л

Емдеуді тоқтату

< 3 мг Fe/г св

немесе < 300 мкг/л

Емдеуді жаңғырту

Ұсынылмайды

*LIC темірмен жүктемеленуді анықтаудың ұтымды әдісі болып табылады.

Бастапқы доза

Джаденутм препаратының бастапқы ұсынылатын тәуліктік дозасы дене салмағына 7 мг/кг құрайды.

Дозаны таңдау

Пациенттің емге реакциясын бағалау және артық хелаттау қаупін төмендету мақсатында ай сайын қан сарысуындағы ферритин концентрациясын бақылау ұсынылады. Препарат дозасын әр 3-6 ай сайын 3,5-7 мг/кг қадамдап арттыруға болады. СТЖ бауырдың құрғақ затының ≥ 7 мг Fe/г деңгейінде сақталғанда немесе қан сарысуы ферритинінің >2000 мкг/л сақталған концентрациясында (төмендеу үрдісінсіз) және емнің жағымдылығы жақсы болғанда дозаны түзетуге болады. Джаденутм препаратын дене салмағына 14 мг/кг-ден артық дозада талассемиясы бар пациенттерде қолдану (осы дозада қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне орай) ұсынылмайды.

СТЖ анықталуынсыз қан сарысуы ферритинінің концентрациясы ≤ 2000 мкг/л пациенттерде Джаденутм препаратының дозасы дене салмағына 7 мг/кг-ден аспауы тиіс.

Дене салмағына 7 мг/кг-ден артық дозада ем алатын пациенттерде СТЖ ≤ 7 мг Fe/г бауырдың құрғақ затына немесе ≤ 2000 мкг/л ферритин концентрациясына жеткенде Джаденутм препаратының дозасын азайту ұсынылады.

СТЖ < 3 мг Fe/г бауырдың құрғақ затына немесе < 300 мкг/л ферритин концентрациясына жеткенде Джаденутм препаратымен ем аяқталуы тиіс. Емдеу қажеттілігі болғанда, емді әріқарай жаңғыртуға болады.

65 жастағы пациенттер

Осы санаттағы пациенттер үшін дозалау режимін түзету қажет емес. ≥ 65 жастағы пациенттерде, 65 жасқа толмаған пациенттермен салыстырғанда жағымсыз құбылыстар (ЖҚ) жиілігінің жоғарылауы білінгендіктен, пациенттердің осы санаты үшін ЖҚ мұқият бақылауға алып, қажет болса, препарат дозасын азайту керек.

Бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттер

Джаденутм препаратын бүйрек функциясының бұзылуын туындатуға қабілетті препараттарды, мысалы, дегидратациясы немесе ауыр инфекциялары бар пациенттерде бір мезгілде қолдану сияқты қосымша қауіп факторлары болғанда қан сарысуындағы креатинин концентрациясы жас нормасынан жоғары болатын пациенттерде сақтықпен қолдану қажет.

Бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде бастапқы дозаны түзету қажет емес. Қан сарысуындағы креатинин концентрациясын айына 1 рет бақылап отыру керек; қажет болса, тәуліктік дозаны 7 мг/кг азайту керек.

Джаденутм препараты бүйрек функциясы бұзылуы бар пациенттерде зерттелмеген және креатинин клиренсі < 60 мл/мин бағаланған пациенттерге қарсы көрсетілімде.

Бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттер

Бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерде препаратты қолдану зерттелмеген. Бауыр функциясы орташа дәрежеде бұзылған (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша B класы) пациенттерде бастапқы доза шамамен 50% азайтылуы тиіс. Препаратты бауыр функциясы ауыр дәрежеде бұзылған (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша C класы) пациенттерде қолдануға болмайды.

Емдеуді бастар алдында, емнің алғашқы айының ішінде әр 2 аптада және әріқарай ай сайын бауыр функциясын бақылап отыру керек.

Енгізу жолы және әдісі

Джаденутм үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар препаратын аздаған су мөлшерімен ішіп, бүтіндей жұтқан жөн. Егер пациент таблетканы бүтіндей жұта алмайтын болса, оны үгітуге және алынған ұнтақты жұмсақ тағамға, мысалы, йогурт немесе алма соусына (пюре) себуге болады. Үгітілген Джаденутм препаратының дозасын әрі қарай қолдануға сақтамастан бірден және түгел қабылдау керек.

Джаденутм препаратын аш қарынға тәулігіне 1 рет, тамақтануға дейін 30 минуттан кешіктірмей, дұрысы, белгілі бір уақытта қабылдау керек.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы қажет шаралар

Симптомдары мен белгілері:

Жедел артық дозаланудың ерте симптомдарына іштің ауруы, диарея, жүрек айнуы және құсу сияқты ас қорыту жүйесі тарапынан бұзылулар жатады. Бауыр ферменттері мен креатининнің деңгейін арттыру жағдайларын қоса алғанда, бауыр және бүйрек ауруларының дамуы туралы хабарланған, олар емдеуді тоқтатқаннан кейін қалыпты мәндерге дейін қалпына келтірілген. Препаратты 90 мг/кг дозада бір рет қате енгізу Фанкони синдромының дамуына әкеп соқты, ол емдеуден кейін басылды.

Емі: деферазирокс үшін арнайы антидоты жоқ. Артық дозалауды емдеу белгіленген тәртіппен, сондай-ақ симптоматикалық емді қолдана отырып жүргізілуі мүмкін.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін хабарласыңыз

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Препараттың қауіпсіздік бейініне қысқаша шолу

Ересектерде және педиатриялық пациенттерде ұсақталатын таблеткалар түріндегі деферазирокспен ұзаққа созылатын ем кезінде хабарланған ең көп жиі реакциялар асқазан-ішек бұзылыстары (негізінен, жүрек айну, құсу, диарея немесе іштің ауыруы) және тері бөртпесі болды. Диарея туралы егде жастағы адамдарда жиірек хабарланды. Аталған реакциялар дозаға байланысты, негізінен, жеңіл немесе орташа, әдетте, қайтымды және көпшілік жағдайларда тіпті емді жалғастыру кезінде де басылады.

Көпшілігінде осы көрсеткіш қалып шегінде қалса да, сарысудағы креатинин деңгейінің дозаға тәуелді жоғарылауы туындаған. Емдеудің алғашқы жылында бета-талассемиясы мен темірдің жүктемеленуі бар әрі педиатриялық, әрі ересек пациенттерде орташа креатинин клиренсінің төмендеуі байқалды, бірақ оның келесі емделген жылдары одан көп төмендемегені туралы деректер бар. Бауыр трансаминазалары деңгейінің жоғарылауы хабарланған. Бүйрек және бауыр функциясының көрсеткіштеріне қатысты қауіпсіздік мониторингінің кестесін қадағалау ұсынылады. Есту қабілетінің бұзылуы (естудің төмендеуі) және көру мүшесі тарапынан ауытқулар (көз бұршағының бұлыңғырлануы) сирек туындайды, ал осы жүйелерге жыл сайын зерттеу жүргізу ұсынылады.

Джаденутм препаратын қолдану аясында Стивенс-Джонсон синдромын (СДС), уытты эпидермальді некролиз (УЭН) және эозинофилиясы бар дәрілік реакциясы бар және жүйелік симптомдары (DRESS) қоса, терінің ауыр реакцияларының жағдайлары туралы хабарланды.

Жағымсыз әсерлері келесі жіктеуге сәйкес берілген: өте жиі (>1/10); жиі (≥1/100 <1/10 дейін); жиі емес (≥1/1.000 <1/100 дейін); сирек (≥1/10.000 <1/1.000 дейін); өте сирек (<1/10.000). Жағымсыз әсерлер әр жиілік тобында жағымсыз әсерінің ауырлығы бойынша кему ретімен берілген.

Өте жиі (> 1/10)

  • қанда креатинин деңгейінің жоғарылауы

Жиі (> 1/100, < 1/10)

  • аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилаксиялық реакциялар мен ангионевроздық ісінуді қоса)1

  • бас ауыру

  • диарея, іш қату, құсу, жүрек айну, іштің ауыруы, іш кебу, диспепсия

  • трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы

  • бөртпе, қышыну

  • протеинурия

Жиі емес (≥1/1,000, <1/100)

  • үрей, ұйқының бұзылуы

  • бас айналу

  • катаракта, макулопатия

  • кереңдік

  • көмейдің ауыруы

  • асқазан-ішектен қан кету, асқазанның ойық жарасы (көптеген ойық жараларды қоса), он екі елі ішектің ойық жарасы, гастрит

  • гепатит, өт-тас ауыру

  • пигментацияның бұзылуы

  • бүйрек өзекшелері тарапынан бұзылулар (жүре пайда болған Фанкони синдромы), гликозурия

  • пирексия, ісіну, қажу

Сирек

  • эозинофилиясы және жүйелі симптомдары бар дәрілік реакция

  • көру жүйкесінің невриті

  • эзофагит

Белгісіз

  • панцитопения1, тромбоцитопения1, анемияның өршуі1, нейтропения1

  • метаболизмдік ацидоз1

  • асқазан-ішек жолының тесілуі1, жедел панкреатит1

  • бауыр жеткіліксіздігі1

  • Стивенс-Джонсон синдромы1, аса жоғары сезімталдық васкулиті1, есекжем1, мультиформалы эритема1, алопеция1, уытты эпидермалық некролиз (УЭН) 1

  • жедел бүйрек жеткіліксіздігі1,2, тубулоинтерстициальді нефрит1, бүйректас ауруы1, бүйрек өзекшелерінің некрозы1

1 Тіркеуден кейінгі қолдану кезінде сипатталған жағымсыз реакциялар. Олар туралы ақпарат өздігінен келіп түскен хабарламалардан алынған, сол бойынша жиілігін немесе дәрілік препарат экспозициясымен себеп-салдарлы байланысын нақты анықтау үнемі мүмкін бола бермейді.

2 гипераммонемиялық энцефалопатия контексіндегі сана өзгерістерімен байланысты ауыр түрлері байқалған.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» РМК ШЖҚ

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - деферазирокс, 180 мг немесе 360 мг,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, кросповидон, повидон К30, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, полоксамер 188,

қабық құрамы (Opadry көк 00F105009, Opadry көк 00F105003): гидроксипропилметилцеллюлоза 2910/гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171), полиэтиленгликоль 4000/макрогол 4000, тальк, FD&C көк # 2/индигокармин алюминий лагы (Е 132).

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Сопақша пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «NVR» және екінші жағында қисық өрнектелген екі сызық арасында дөңестің жоғарғы жағына бағытталған «180» өрнегі, ойығы бар көк түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (180 мг доза үшін).

Сопақша пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «NVR» және екінші жағында қисық өрнектелген екі сызық арасында дөңестің жоғарғы жағына бағытталған «360» өрнегі, ойығы бар күңгірт-көк түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (360 мг доза үшін).

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлорид/поливинилиденхлорид үлбірінен және баспалы лакталған алюминий фольгадан немесе полиамид /алюминий /поливинилхлорид үлбірінен және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

3 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, ылғалдан қорғалған жерде, 30 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

Новартис Фарма Штейн АГ

Шафхаузерштрассе 4332, Штейн, Швейцария

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Новартис Фарма АГ

Лихтштрассе 35, 4056 Базель, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік зат жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттардың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

Қазақстан Республикасындағы Новартис Фарма Сервисэз АГ компаниясының филиалы

050022 Алматы қ., Құрманғазы к-сі, 95

тел.: (727) 258-24-47 

факс: (727) 244-26-51

e-mail: drugsafety.cis@novartis.com

Прикрепленные файлы

Джадену_каз.docx 0.09 кб
Джадену_рус.docx 0.1 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники